Accessibility links

«Талибан» жетекшісі Барадар түрмеден шықты


Абдул Ғани Барадар.
Абдул Ғани Барадар.
Ауғанстанның «Талибан» қозғалысы жетекшілерінің бірі Абдул Ғани Барадарды Пәкістан билігі түрмеден босатты.

«Барадар бостандыққа шықты» деген Пәкістан ішкі істер министрлігінің өкілі Омар Хамид сенбі күні.

Жұма күні Пәкістан сыртқы істер мекемесі таратқан ресми хабарламада Барадарды түрмеден босату – «Ауғанстанда азаматтық татулық орнату ісіне атсалысу мақсатында» жасалынатыны туралы жазылған еді. Ауғанстан билігі талибтермен бейбіт келісімдер жүргізу үшін Барадарды түрмеден босату қажеттігін айтып келген.

45 жастағы Абдул Ғани Барадар – Ауғанстанның «Талибан» қозғалысының негізін салғандардың бірі. 2010 жылы ақпанда Пәкістан қауіпсіздік күштері қолға түсіргенге дейін ол «Талибан» қозғалысының басшысы молла Омардың оң қолы саналған.

«Талибан» қозғалысын Кабулмен бейбіт келіссөзге ынталандыру мақсатында Пәкістан билігі осы кезге дейін ондаған талибті түрмеден босатты.

Ауғанстан билігі елден халықаралық коалиция күштері шығарылатын 2014 жылдың соңына дейін талибтермен бейбіт келіссөздерге қол жеткізуге мүдделі болып отыр. Былтыр жазда президент Хамид Қарзай Молла Омарды ауған үкіметіне қарсы күресін тоқтатып, президент сайлауына түсуге шақырған еді.

Ауғанстанда келесі президент сайлауын 2014 жылы сәуірде өткізу жоспарланған.
XS
SM
MD
LG