Accessibility links

Бо Силай өмір бақиға сотталды


Бо Силай сот алдында тұр. Қытай, 22 тамыз 2013 жыл.
Бо Силай сот алдында тұр. Қытай, 22 тамыз 2013 жыл.
22 қыркүйекте Қытайдың танымал саясаткері Бо Силай өмір бақи түрмеде отыру жазасына кесілді. Чунцин қаласының соты оған тағылған "барлық айыптар дәлелденді" деп мәлімдеді. Шенеунікке "коррупция", "парақорлық", "лауазымын асыра пайдалану" айыптары тағылған еді.

Чунцин қалалық компартия комитетінің бұрынғы хатшысы елдегі ең беделді саясаткерлердің бірі саналған. Чунцин қаласындағы жұмысында коррупцияға қарсы қызметімен танылған Бо Силай Қытай компартиясының тұрақты саяси кеңесіне мүшелікке басты үміткер болған. Бірақ 2012 жылдың наурыз айында ол қызметінен алынып, Қытай компартиясы қатарынан шығарылды. Бо Силай Бүкілқытайлық халық депутаттары жиынындағы (Қытай парламенті - ред.) депутаттық мандатынан да айырылды.

Тергеу "Бо Силай төрт миллионнан артық АҚШ долларын заңсыз иемденген" деген қорытынды шығарды.

Бір жыл бұрын Чунцин қаласы полициясының бастығы Ван Лицзюн "Бо Силайдың әйелі Гу Кайлайдың британдық кәсіпкер Нила Хейвуд өліміне қатысы бар" деп мәлімдеген еді. Бұдан соң Гу Кайлай мен Ван Лицзюн тұтқындалып, сотқа тартылған. Бо Силайдің әйелі өлім жазасына кесіліп, үкім екі жылдың ішінде орындалатын болды. Ал полицияның бұрынғы бастығы "отанын сатқаны үшін" 15 жылға сотталды.

64 жастағы Бо Силайдың соты тамыз айында басталған еді.
XS
SM
MD
LG