Accessibility links

Роухани: Иран ядролық келіссөздерге дайын


Иран президенті Хассан Роухани NBC телеарнасына сұхбат беріп отыр. Тегеран, 18 қыркүйек 2013 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани NBC телеарнасына сұхбат беріп отыр. Тегеран, 18 қыркүйек 2013 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани " Иран ядролық бағдарламасы бойынша әлемдік державалармен келіссөздерді бастауға дайын екенін" мәлімдеді.

БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін сессиясына барар алдында Иран президенті телеарна арқылы сөйлеп, "Батыс елдері Тегеранның уран байытуға құқығы бар екенін мойындауы тиіс" деді. Ол "Иранның ядролық бағдарламасын халықаралық құқықтық актілерге сәйкес дамытуға дайын екенін" айтты.

АҚШ пен басқа ірі державалар Тегеранды "ядролық қару жасауға ұмтылады" деп айыптайды. Иран "ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттарға арналғанын" айтып келеді.
XS
SM
MD
LG