Ауғанстанның шығыс бөлігінде үкімет әскерінің киімін киген содыр халықаралық қауіпсіздік күштеріне көмек беру жасағының (ISAF - International Security Assistance Force) үш сарбазын атып кеткен.
Халықаралық әскер коалициясы әзірге қосымша ақпарат таратқан жоқ. Ауғанстан қорғаныс министрлігі өкілі генерал Мохаммад Захир Азими "шабуыл Пактия провинциясының орталығы Гардезе қаласында жасалды" деп мәлімдеді.
Ол шабуыл жасаған адамның сол жерде қаза тапқанын хабарлады.
Ауғанстанда содырлардың ауған армиясының формасын киіп келіп, халықаралық әскерге шабуыл жасаған кездері бұған дейін де болған.
Содырлардан бөлек, ауған үкіметі әскерінің де шетелдік сарбаздарға шабуыл жасаған кездері бар. ISAF мәліметі бойынша, мұндай оқиғалардың барлығы ауған шенеуніктерімен бірлесіп тексеріледі.