Accessibility links

Сот "Ашық алаң" газеті қызметін 3 айға тоқтатты


"Ашық алаң" газетінің алғашқы саны. Алматы, 6 қыркүйек 2013 жыл
"Ашық алаң" газетінің алғашқы саны. Алматы, 6 қыркүйек 2013 жыл
23 қыркүйекте Алматының әкімшілік соты "Ашық алаң" газетінің қызметін үш айға тоқтату туралы шешім шығырды.

Сотқа қатысқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, судья Ақнәзік Қоразбаева газетті Қазақстан әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 342-бабының 4-тармағы бойынша "шығу жиілігін бұзды" деп танып, басылымның иесі Әсем Әлмұхаметқызына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған (173 мың 100 теңге, яғни 1130 доллар).

Алматы қаласының әкімдігі бұған дейін "шығу жиілігін бұзды" деп "Ашық алаң" газетінің үстінен сотқа шағым түсірген еді. Редакция өкілдерінің айтуынша, газет шілденің 10-ы мен тамыздың 21-і аралығында демалысқа кетіп, ол туралы басылым бетінде оқырмандар мен әкімдікті хабардар еткен.

Басылымды шығарушылардың бірі Жанболат Мамай биліктің шағымының саяси астары бар деген болжам айтқан.
XS
SM
MD
LG