Accessibility links

Украина Қытайға жалға жер беретіні хабарланды


Қытай фермері (оң жақта) шетелде көкөніс өсіретін жылыжайда жұмыс істеп жүр. 14 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытай фермері (оң жақта) шетелде көкөніс өсіретін жылыжайда жұмыс істеп жүр. 14 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Кейбір ақпараттарға қарағанда, Қытай Украинадан үш миллион гектар ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді 50 жылға жалға алу туралы келісімге отырған.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, жалға жер алу туралы Қытайдың Xinjiang Production және Cjnstruction Corps фирмалары Украинаның мемлекеттік KSG Agro ауыл шаруашылық компаниясымен келісім жасасқан. Келісімге сәйкес, алғашқы кезеңде Днепропетровск облысынан жалға 100 мың гектар жер берілмек. Жер көлемі біртіндеп үш миллион гектарға дейін ұлғаймақ. Жерді жалға алу құны жылына 2,6 миллиард АҚШ долларын құрайтыны хабарланды. Жер егістік мақсатына және шошқа өсіруге пайдаланылмақ.

Келісім жүзеге асса, Украина Қытайдың шетелдердегі ең ірі фермерлік орталығына айналатын болады.

Жерді жалға беру келісімі туралы ақпаратты әзірге я Қытай тарапы, я Украина жағы растаған жоқ.

Кейбір деректер бойынша, әлем халқының бестен бірін құрайтын қытайлықтардың үлесіне құрлықтағы жер көлемінің тек оннан бірі ғана тиесілі. Қытайда кіріс көлемінің артуына байланысты азық-түлікке сұраныс ұлғайып келеді.
XS
SM
MD
LG