Accessibility links

Ақтөбеде ауа ластануы туралы ақпарат алаңдатты


Ақтөбе қаласының жоғарыдан қарағандағы көрінісі. Ақтөбе, 24 қыркүйек 2013 жыл.
Ақтөбе қаласының жоғарыдан қарағандағы көрінісі. Ақтөбе, 24 қыркүйек 2013 жыл.
Жергілікті "Казгидромет" кәсіпорнынан ауаның ластануы туралы SMS хабарламалар алған ақтөбеліктер қаладағы экологиялық ахуалға қатысты алаң білдіре бастады.

24 қыркүйек күні бірқатар Ақтөбе тұрғындары Азаттыққа ауаның ластанып, қаланың түтінге оранғанын айтты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, дүйсенбінің кешінен бері қала тұрғындарының ұялы телефондарына 112 жедел қызмет нөмірінен ауаның ластанатыны туралы алдын ала ескерткен хабарлама келе бастаған.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, "таңғы сағат 5-6 шамасында қаланың үстін қара түнек қою бұлт басқан".

"Қазгидромет" кәсіпорны Ақтөбе қалалық филиалының бөлім бастығы Айгүл Сайымованың Азаттыққа айтуынша, ауаның ластануы "табиғи нәрсе".

- 24 қыркүйекте қалада желдің жылдамдығы тым аз болатыны себепті (секундына 0-2 метр) ауадағы зиянды заттар басқа жаққа кетпей, ауада тұрып алатыны туралы алдын ала болжау жасалған. Осыған байланысты біз төтенше жағдайлар департаментіне хабараласып, ауаға зиянды қалдықтар шығаратын кәсіпорындарға 24 қыркүйекте зиянды заттарды аз шығаруын ескертуін сұрағанбыз. Бірақ ескертуді кәсіпорындарға емес, тұрғындарға жіберіп қойыпты, - деді Айгүл Сайымова.
XS
SM
MD
LG