Accessibility links

Алматы облысында 88 бала инфекция жұқтырды


Алматы облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет
Алматы облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 88 бала энтеровирустық инфекция жұқтырып, оның 9-ы аруханаға түсті. Қайназар ауылы мектебінің асханасы тексеру үшін жабылған.

Облыстық мемлекеттік санитарлық қадағалау департаменті бастығының орынбасары Рая Байшалқызының Азаттыққа хабарлауынша, ауру 24 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданының Қайназар ауылында анықталған. Балалардың барлығында аурудың алғашқы белгілері - дене қызуы көтеріліп, бас ауырғаны байқалған. Көпшілігінің жүректері айнып, лоқсыған.

Қазір аудандық ауруханаға 9 бала жатқызылып, оларға "энтеровирустық ішек инфекциясы" деген диагноз қойылған. Дәрігерлер науқастардың жағдайын тұрақты деп бағалайды. 88 баланың 49-ы - мектеп оқушылары, қалғандары - мектеп жасына дейінгі балалар.

Рая Байшалқызы Қайназар ауылы мектебінің асханасы жабылып, тамақ қалдықтары тексеруге жіберілгенін де айтты.

Энтеровирустық инфекция адамнан адамға азық-түлік, су және ауа тамшылары арқылы жұғады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG