Accessibility links

Қазақ ғарышкерін Қытайда ұшыру туралы айтылды


Талғат Мұсабаев, "Қазғарыш" агенттігінің төрағасы.
Талғат Мұсабаев, "Қазғарыш" агенттігінің төрағасы.
«Қазғарыш» агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Пекинде Қытай ұлттық ғарыш әкімшілігінің басшысы Ми Синжуймен кездесіп, қытайлық экипаж құрамында қазақстандық ғарышкерді ұшыру мәселесін де айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Кездесуде Талғат Мұсабаев ғарышты бейбіт мақсатта игеру саласында екі ел арасында ынтамақтастық орнату мәселелерін көтерген. Ма Синжуй ғарышкер ұшыруда ынтымақтастық орнатуда қиындық жоғын, Қытайдың бұл бағытта бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтқан.

Кездесуде Мұсабаев пен Синжуй бұған қоса ғарыштық телекоммуникациялық аппараттар саласы мен ғарыштық ғылымдарды дамытуда байланыс орнату жайын да талқылаған.

Қазақстандық ғарышқа ұшудан үмітті екі ұшқыш - Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында дайындығын аяқтаған. Екеуінің бірі 2009 жылы күзде халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуға тиіс еді. Бірақ Қазақстан жағы қаржы тапшылығына байланысты ғарышкер ұшыруды кейінге қалдырған.
XS
SM
MD
LG