Accessibility links

Министрлік: "Қазақстандықтар Саудияға бармағаны жөн"


Коронавирустың электрондық микроскоптан қарағандағы көрінісі. Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігі таратқан сурет.
Коронавирустың электрондық микроскоптан қарағандағы көрінісі. Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігі таратқан сурет.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын Таяу Шығыстағы қауіпті вирус таралған елдерге, оның ішінде Сауд Арабиясына баруды доғара тұруға шақырды.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әлем бойынша 130 адам коронавирус (coronavirus) жұқтырып, оның 58-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі қазан айында Сауд Арабиясына қажылыққа аттанатындарды да бұл сапардан бас тартуға шақырды.

Коронавирусты негізінен Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы тұрғындары жұқтырғаны анықталған. Италия, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Тунис пен Францияда да коронавирус жұқтырған адамдар тіркелген. Бірақ вирусты жұқтырғандардың ең көбі - Сауд Арабиясының азаматтары.

Министрлік "инфекцияның таралу жолдары әзірге нақты анықталмағанын, бірақ ол вирус ең көп таралған аймақ Таяу Шығыс және араб елдері екенін" айтады.
XS
SM
MD
LG