Accessibility links

Алматыдағы атыста бір адам қаза тапты


Алматыдағы атыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00
Жүктеп алу

Алматыдағы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында ұшақ пен пойыз билеттерін сататын Тravel Express компаниясының екі қызметкеріне қарақшылық шабуыл жасалып, бір адам қаза болды. Полиция оқиға болған жерді қоршауға алды. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл.

26 қыркүйек күні таңертең Алматыда Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында атыс болып, бір адам қаза тапты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісінің сөзінше, куәгерлер шабуыл жасалғанын айтады. Оқиға болған жерді арнайы жасақ қоршауға алып, ешкімді өткізбей тұр.

"Оқиға болған орында жедел жәрдем көліктері де байқалады" дейді Азаттық тілшісі.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, оқиға бүгін таңғы сағат 9.30-да болған. "Travel Express қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл жасалған. Бір адам қаза тауып, бір адам жараланды. Қазір шабуылды кімдер жасағаны анықталып жатыр" дейді баспасөз қызметі өкілі.

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, қаза тапқан және жараланған адамдар - Travel Express компаниясының қызметкерлері. Компания өкілдері Азаттық тілшісіне қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG