Accessibility links

"Правда Казахстана" 3 ай шықпайтын болды


"Правда Казахстана" газетінің редакторы Шәріп Құрақбай.
"Правда Казахстана" газетінің редакторы Шәріп Құрақбай.
Алматы әкімшілік сотының судьясы Нұржан Пақырдинов "Правда Казахстана" газетінің қызметін үш айға тоқтатты.

Судья газеттің "шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзғанын" айтып, басылым редакторы Шәріп Құрақбайға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде (1 АЕК - 1731 теңге) айыппұл салды.

Бұған дейін, 21 ақпанда Алматының әкімшілік соты "жарияланым мерзімін бұзды" деген айыппен бұл газеттің жарыққа шығуын үш айға тоқтатып, басылым иесіне - оппозициялық Қазақстан коммунистік партиясына 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салған.
XS
SM
MD
LG