Accessibility links

Қазақстан-Қытай мұнай құбыры келісімі бекітілді


Мұнай құбырын тексеріп жүрген маман. (Көрнекі сурет)
Мұнай құбырын тексеріп жүрген маман. (Көрнекі сурет)
Қазақстан парламенті сенаты Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы "Қазақстан-Қытай" мұнай құбырын дамыту және пайдалануда ынтымақтастық орнату туралы келісімді ратификациялады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Келісім құбырдың мұнай өткізу көлемін ұлғайту мен құбырды жетілдіруге бағытталған жобалардың шарттары мен тетіктерін айқындайды. Келісім бойынша құбырға 126 миллиард теңге инвестиция салынбақ. Құбыр арқылы мұнай жеткізу тарифін Қазақстанның өкілетті органдары белгілейді.

Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинның айтуынша, 2013 жылдың өзінде "Атасу-Алашаңқай" мұнай құбырының мұнай өткізу көлемін жылына 20 миллион тоннаға дейін көбейту жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG