27 қыркүйекте АҚШ президенті Барак Обама "Иран президенті Хассан Роуханимен телефон арқылы сөйлескенін" хабарлады. 34 жыл бұрын Иран мен АҚШ арасындағы дипломатиялық байланыстар тоқтатылған еді.
Бұл - 1979 жылдан кейінгі екі ел басшылары арасындағы тұңғыш байланыс.
- 1979 жылдан бері АҚШ пен Иран арасындағы байланыстардың тоқтап қалғаны екі елдің бір-біріне сенбейтінін көрсетеді. Бірақ телефон арқылы сөйлесуіміз бұл тарихи тығырықтан шыға бастағанымызды білдіреді, - деді Обама.
Бұдан бөлек, Обама "Иранмен ядролық проблема бойынша мәмілеге келуден үміттенетінін" айтты. Ол "егер АҚШ пен Иран мәмілеге келсе, бұл елге қарсы экономикалық санциялардың азайтатынын" мәлімдеді. АҚШ президенті:
- Мен қайшылықты шешудің жолы бар екеніне сенемін. Иранның жоғарғы жетекшісі (аятолла Әли Хоменеиді айтады - ред.) ядролық қару жасауға қарсы пәтуа шығарды. Иран президенті Роухани Иранның ешқашан ядролық қару жасамайтынын айтты. Мен Иранның ядролық энергияны бейбіт мақсаттарға пайдалануға құқығы бар екенін айттым, - деді.
Обаманың айтуынша, "келісімге келу қиын болмақ, бірақ қазір Иранның жаңа билігімен бұл мәселе бойынша түсіністік табу мүмкіндігі туып тұр".
Мұның алдында, жұма күні, Роухани "Иранның ядролық бағдарламасы бойынша "5+1" форматында өтетін келіссөздерде Тегеранның қайшылықты реттеуге арналған жоспар ұсынатынын" мәлімдеген еді. Келіссөздер 15-16 қазан күндері Женевада өтеді.
Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясы жиынында Роухани "Иранның ядролық бомба жасау ниеті жоқ екенін" айтқан.
АҚШ пен Батыс елдері "Иран жасырын түрде ядролық қару жасап жатыр" деп қауіптенеді. Бұған дейін Тегеран халықаралық қауымдастыққа ядролық бағдарламасы туралы толық ақпарат беруден бас тартып, бағдарламаның бейбіт мақсаттарды көздейтінін мәлімдеген.