Accessibility links

Боксшы қыздар әлем чемпионатынан 16 медаль ұтты


Болгарияда өткен әлем чемпионатынан көрініс. Албена, 27 қыркүйек 2013 жыл. Сурет Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтынан алынды.
Болгарияда өткен әлем чемпионатынан көрініс. Албена, 27 қыркүйек 2013 жыл. Сурет Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтынан алынды.
Болгарияның Албена қаласында 22-28 қыркүйек күндері өткен бокстан жастар мен жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары бір алтын, алты күміс, тоғыз қола жүлде жеңіп алды.

1995-96 жылы туған қыздар арасында Гаухар Ермекбай (69 килограмм) финалда ирландиялық Кристина Десмондты ұтып, чемпион атанды.

Ал Айдана Арапбаева (60 кг) - күміс, Алуа Балқыбекова (48 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Анастасия Рылина (81 кг) қола медаль ұтты.

1997-98 жылғы қыздар арасында бес қазақстандық боксшы финалға шыққанымен, барлығы жеңіліп қалды.

Ал Назерке Жүрғараева (46 кг), Асыл Асқарова (48 кг), Балауса Мұздыман (54 кг), Любовь Хасиева (66 кг), Ақмарал Шамшиденова (80 кг) күміс медаль иеленді.

Әйгерім Ошақбай (52 кг), Назым Ишанова (57 кг), Екатерина Анисимова (60 кг), Аида Әбіқаева (63 кг), Баян Ақбаева (70), Алтын Мұқышбек (75 кг) қола жүлде еншіледі.

Әлем чемпионатына барлығы 32 елден 299 спортшы қатысты.
XS
SM
MD
LG