Үндістан мен Пәкістан даулы Кашмир аймағын бөліп тұратын "бақылау аумағында" зорлық-зомбылықты азайтуға келісті. Үндістан үкіметі өкілінің хабарлауынша, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф пен Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясының жиыны аясындағы кездесуде келісім жасасқан.
Үндістанның ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Шившанкар Менонның айтуынша, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф 2008 жылы Мумбайдағы 166 адам мерт болған террорлық актіге қатысы бар экстремистерді жазалауға уәде берген.
Кездесуге дейін Манмохан Сингх "Пәкістан террордың ошағы болып отыр" деп мәлімдеген еді. Үндістан премьерінің бұл сөзі "қос премьердің кездесуіне кері әсер етеді" деген болжаулар айтылған. Бірақ Наваз Шариф келіссөздердің жаңа диалог бастауға негіз салғанын айтты.
Пәкістан мен Үндістан 1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан бері үш рет соғысты. Оның екеуі даулы Кашмир аймағына қатысты таластан туындаған еді.