АҚШ сенаты келесі жылы үкіметті қаржыландыруға арналған бюджет жобасын кері қайтарды. Осылайша Обама бастаған демкораттар партиясы мен республикашылдар арасында саяси дағдарыс туды.
Бұған дейін заң жобасын көпшілігі республикашылдардан тұратын өкілдер палатасы өзгертіп барып мақұлдаған еді. Олар Обама ұсынған медициналық реформаны қаржыландыру туралы баптарды бюджет жобасынан алып тастады.
Көпшілігі демократтардан тұратын сенат бұған қарсылық білдірді. Бұл АҚШ-та соңғы 17 жылда болмаған үкімет дағдарысына ұласуы мүмкін.
Егер 1 қазанға дейін Конгрестің қос палатасы бір шешімге келмесе, онда федералдық құрылымдарда жұмыс істейтін 800 мыңға тарта адам белгісіз мерзімге ақысыз демалысқа жіберілуі мүмкін. Үкіметтегі дағдарыс қаупінен әлемдік қор биржаларындағы акция бағалары төмендеп кеткен.
CBS News телеарнасы және New York Times басылымы жүргізген сауалнамаға қарағанда, тұрғындардың 44 пайызы "дағдарысты жағдайды тудырған республикашылдар" деп жауап берген. Америкалықтардың 35 пайызы "үкіметтің дағдарысқа ұшырауына Обама мен демократтар жауапты" дейді. Ал тұрғындардың 16 пайызы дағдарысқа екі жақты да кінәлайды.