Accessibility links

Оңтүстік Корея жаңа зымыранын көрсетті


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
Оңтүстік Корея бүгін Сеулде өткен әскери парадта алыс қашықтыққа ұшатын зымыранын көрсетті. Әскери парадқа 11 мыңға тарта әскери қызметкер, 120 ұшақ пен тікұшақ, 190 қару-жарақ пен әскери техника түрлері көрсетілді. Қару-жарақтардың арасында радиусы 1 мың километрге жететін жаңа "Хенде-3" зымыраны бар.

Парадта сөйлеген Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе Сеулдің АҚШ-пен берік одақтастық қарым-қатынасын жақсарта беру қажетін айтты. Ол Солтүстік Кореяға "ядролық қаруы мен зымырандарының пайдасы жоғын" білдіру үшін зымыраннан қорғаныс жүйесін құру қажет деді.

Парадқа Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барған АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел де қатысты.

Солтүстік Корея 2012 жылы желтоқсанда жасанды жер серігін ұшырып, 2013 жылы ақпанда ядролық сынақ жасаған. Сол оқиғалардан соң екі ел қарым-қатынасы нашарлап, бірнеше ел мен БҰҰ тарапынан Пхеньянға қарсы қатаң санкциялар жарияланды.
XS
SM
MD
LG