Accessibility links

БҰҰ соңғы екі жылда әлемдегі әрбір сегіз адамның біреуі ашқұрсақ өмір сүретінін мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның жаңа жариялаған баяндамасында айтылады.

БҰҰ дерегінше, 2011-2013 жылдары әлемде 842 миллион адам азық-түлік тапшылығын көрген. Жалпы алғанда бұл 2010-2012 жылдары аштыққа ұшыраған адамдар санынан 26 миллионға аз.

Зерттеуді БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы мен Ауыл шаруашылығын дамыту қоры жүргізген.

БҰҰ Африканың Сахара аймағы әлемдегі "тойып тамақтанбайтын тұрғындары ең көп аймақ" болып отырғанын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG