Астанада президенттен көмек сұрап, хат тапсырмақ болған борышкерлер әкімшілік жазаға тартылды.
Астана қалалық әкімшілік соты кеңсесінен Азаттыққа екі борышкердің қамалғанын, үшеуіне айыппұл салынғанын айтты. Қалған азаматтарға ескерту жасалып, қамаудан босатылған.
Кеше, 1 қазанда Алматы, Астана, Шымкент және Талдықорғаннан жиналған, "ипотекаға үй алып, қарызын қайтара алмай жүрміз" деген 200-ге тарта адам банк алдындағы қарыздарын жоюға көмектесуін сұрап, президентке хат тапсырмақ болған еді. Бірақ оларды Ақордаға барар жолда полиция бөгеп, барлығын ұстап, автобустарға тиеп әкеткен.
Азаттық тілшісінің айтуынша, борышкерлер бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспекке бекініп, қайтадан Ақордаға бара жатыр.