Accessibility links

Белсенді Нарымбаевқа айыппұл салынды


Ермек Нарымбаев, азаматтық белсенді
Ермек Нарымбаев, азаматтық белсенді
Алматының әкімшілік соты қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевты "рұқсат етілмеген жиын ұйымдастырды" деп айыптап, оған 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 айлық есептік көрсеткіш - 1731 теңге) айыппұл салды.

Ал Ермек Нарымбаев 30 қыркүйекте БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігі алдында өткен, "Протон-М" зымыранының ұшырылуына наразылық білдірген акцияға "ұйымдастырушы емес, жай қолдау білдіруші ретінде" қатысқанын айтады.

Белсенділер 30 қыркүйек күнгі акцияда зымыран тасығышта қолданылатын отын - гептилдің химиялық қару екенін айтып, БҰҰ өкілдігіне хат тапсырған.

30 қыркүйекте Байқоңырдан байланыс спутнигін тіркеген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылған.

2 шілдеде ресейлік үш "Глонасс-М" аппаратын тиеген дәл осындай "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырыла бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан ғарыш айлағы маңындағы жерді зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны - гептил ластаған. Қазақстанда содан кейін ресейлік зымырандарды ұшыруға қарсы акциялар өте бастады.
XS
SM
MD
LG