Accessibility links

Пәкістанда "Талибан" шабуылынан 15 адам қаза тапты


"Техрик-е-Талибан Пәкістан" тобының мүшелері. Көрнекі сурет
"Техрик-е-Талибан Пәкістан" тобының мүшелері. Көрнекі сурет
"Талибан" қозғалысының "Техрик-е-Талибан Пәкістан" қанатының содырлары Пәкістанның солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунхва мен Солтүстік Вазиристан провинцияларының шекарасында әскери командир Молла Наби Ханафидің үйіне шабуыл жасады. Қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, қақтығыста 15 содыр қаза тауып, 10 адам жараланған. Жараланғандардың арасында Наби Ханафи де бар.

"Техрик-е-Талибанның" жанкештісі Ханафидің үйіне бомба жасырылған көлікпен келіп соқтығысқан, одан соң атыс басталған. Тағы екі жанкешті шабуыл жасамақ болғанымен, қауіпсіздік күштері оларды атып тастаған.

Наби Ханафи бұған дейін "Талибан" командирі болған еді. Бірақ ол 2009 жылы "Техрик-е-Талибаннан" шығып кетіп, өзінің милиция жасағын құрған.
XS
SM
MD
LG