Франция соты қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті кепілге босатудан тағы бас тартты. Әблязовтің адвокаттарының журналистерге айтуынша, Экс-ан-Прованс қалалық соты мұндай шешімді 3 қазан күні шығарған.
2013 жылы 31 шілдеде Мұхтар Әблязовті Украинаның сұрауы бойынша Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстаған еді. Ресей, Украина және Қазақстан "Әблязов алаяқтық жасады" деп, Франция сотынан оны қайтаруды сұрап отыр. Қазақстан Франциямен экстрадиция туралы келісім жасаспаған. Бірақ Украина және Ресеймен бұл елдің ондай келісімдері бар.
Экс-ан-Прованс соты тамыз айында да Әблязов адвокаттарының оны кепілге ақша төлеп босату туралы алғашқы шағымын қанағаттандырмай тастаған еді.
2005-2009 жылдары «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген.
Қазақстан үкіметі Әблязовты "БТА банкінен" 6 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.
Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Бұрынғы банкир Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды.