Accessibility links

Италияда кеме суға батып, 134 адам қаза тапты


Италиялық құтқарушылар суға батқан кемеден тірі қалған адамды ауруханаға әкетіп барады. Италия, 3 қазан 2013 жыл.
Италиялық құтқарушылар суға батқан кемеден тірі қалған адамды ауруханаға әкетіп барады. Италия, 3 қазан 2013 жыл.
Италияның оңтүстігінде бейсенбіде 500-ге жуық мигрант мінген кеме суға батып, 134 адам қаза тапты, 200-ден астам адам жоғалғандар қатарына жатқызылды.

Әуелі қаза тапқандар саны 94 адам деп хабарланған. Бірақ құтқарушылар кеме ішінде қалып қойған тағы 40 адамның денесін тапты.

Жолаушылардың біразы кеме Лампедуза аралы маңында техникалық ақау кесірінен өртене бастағанда жағаға қарай жүзген. Құтқарушылар 150 адамды судан аман алып шыққан.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, мигранттардың көпшілігі Эритрея мен Сомали азаматтары болған. Италия үкіметі 4 қазанды қаралы күн деп жариялады.

Лампедуза - Тунис пен Италияның арасында орналасқан арал, әрі Еуропа елдеріне кемемен баратын мигранттар үшін негізгі өткел.

30 қыркүйекте Сицилия маңындағы қайраңға кемелері тұрып қалып, 13 мигрант суға батып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG