Accessibility links

Freedom House: Қазақстанда интернет - жартылай еркін


Freedom House ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Freedom House ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Freedom House ұйымы өткен жылы әлемде интернет еркіндігі шектелгені туралы хабарлады. Ұйымның 3 қазанда жарияланған есебінде әлемде интернетке бақылау жасау күшейіп, интернет материалдарының мазмұнын қадағалайтын жаңа заңдар қабылданғаны және әлеуметтік желілерді қолданушыларды қамау жиілегені айтылады.

Ұйым есебі 2012 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың сәуір айына дейінгі уақытты қамтыған. 60 мемлекеттегі интернет еркіндігіне талдау жасалған.

Freedom House Қазақстанды биыл "интернеті жартылай еркін" елдер қатарына кіргізген. "Интернеті жартылай еркін" елдер қатарында Әзербайжан, Қырғызстан және Ресей де бар.

Ұйым сарапшылары Иран, Куба, Қытайды интернетке ең көп шектеу қойған елдер қатарына қосқан. Интернет еркіндігі Беларусь, Пәкістан және Өзбекстанда да жиі бұзылады.

Freedom House үкіметтер интернетті бұғаулау, интернет материалдарының мазмұнын қадағалау, билікті сынаушыларға кибер шабуылдар мен қастандық жасау, тыңшылық, тұтқындау сияқты әдістерді жиі қолданатынын айтады.

"Бірақ белсенділер интернетке қауіп төнгенін дер кезінде хабарлауды үйренді" дейді ұйым сарапшылары.
XS
SM
MD
LG