Accessibility links

Алматыда наразылардың бірін полиция ұстады


Алматы әкімдігіне барған зейнеткер Райхан Әмірбекованы полиция ұстап алып бара жатыр. 4 қазан 2013 жыл.
Алматы әкімдігіне барған зейнеткер Райхан Әмірбекованы полиция ұстап алып бара жатыр. 4 қазан 2013 жыл.
Алматыда коммуналдық төлемдердің қымбаттауына наразылық танытып, президент резиденциясына хат тапсырмақ болған зейнеткердің бірін полиция ұстады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, полиция зейнеткер Райхан Әмірбекованы Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне апара жатыр.

Бүгін Алматыда 10 шақты зейнеткер коммуналдық төлемдердің қымбаттауына, зейнетақы көлемінің аздығына наразылық білдіріп, президенттің Алматыдағы резиденциясына хат тапсырмақ болған. Онда зейнеткерлерді полиция өткізбей қойған.

Зейнеткерлер бұдан кейін резиденция жанындағы Алматық қалалық әкімдігіне келіп, әкім Ахметжан Есімовпен кездесуді талап еткен.
XS
SM
MD
LG