Accessibility links

Ливияда шабуылдан 15 сарбаз өлді


Ливия картасы.
Ливия картасы.
Ливияда Бани Валид және Тархан қалалары арасындағы автокөлік жолында орнатылған әскери бақылау бекетіне қарулы топ шабуыл жасап, салдарынан 15 сарбаз мерт болып, тағы 15 әскери адам жараланған. Бұл туралы Ливия қарулы күштері бас штабының өкілі хабарлаған.

Бұл шабуыл үшін жауапкершілік кімге жүктелетіні туралы әзірге айтылған жоқ. Бани Валид қаласы Ливияның бұрынғы билеушісі Муаммар Каддафиді қолдайтындардың тірегі саналатын.

2011 жылы қазанда Каддафи көтерілісшілердің қолынан қаза тапқан соң Ливияда билікке келген үкімет елде ықпал жүргізуге тырысып өзара күресіп келе жатқан қарулы топтарға бақылау орната алмай отыр.
XS
SM
MD
LG