Accessibility links

Алматыда халықаралық веложарыс басталды


Tour of Almaty-2013 веложарысы басталған сәт. Алматы, 6 қазан 2013 жыл.
Tour of Almaty-2013 веложарысы басталған сәт. Алматы, 6 қазан 2013 жыл.
6 қазан күні Қазақстанда UCI (Халықаралық Велосипедшілер Одағы) мен Алматы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет халықаралық веложарыс - "Алматы туры" (Tour of Almaty-2013) өтті.

"Нұрлы Тау" бизнес орталығынан бастап, Әл-Фараби даңғылы мен Алматы шығыс айналма жолымен жүретін жарыс маршрутының ұзындығы - 155 километр. Турдың жүлде қоры 39 мың 900 еуро. Жеңімпазға 15 мың еуро беріледі.

Екінші категориялы, біркүндік шоссе веложарысына 16 елден (Италия, Австрия, Украина, Латвия, Иран, Ирландия, Бруней, Нидерланд, Франция, Польша, Өзбекстан, АҚШ, Молдова, Қазақстан, Ресей, Әзербайжан) 20 команда келген. Қазақстан атынан бұл жарысқа «Astana», «Vino 4-ever» велоклубтары мен Қазақстан ұлттық құрамасы қатысып жатыр.

Жарыстан басқа, "Тур" шаралары аясында «ардагерлер жарысы» мен әуесқой велосипедшілер жарысы өтеді. Бұл шараларға Лондон олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров та қатысады.

XS
SM
MD
LG