Ауғанстандағы президент сайлауына 13 бұрынғы мемлекеттік қызметкер мен әскербасы кандидат ретінде тіркелді. Жексенбі күні үміткер тіркеу аяқталды.
Кандидат ұсыну барысында Ауғанстан аймақтарындағы ықпалды тұлғалар - батыс өлкелерден шыққан технократтар мен тайпа жетекшілері келіссөздер жүргізген. Ауғанстанның бұрынғы сыртқы істер министрлері Абдулла Абдулла мен Залмай Расул, бұрынғы қаржы министрлері Ашраф Гани мен Анварулом Хак Ахади, бұрынғы қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардак президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді.
Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың туысы Каюм Карзай да президент сайлауына түседі. Көрнекті кандидаттар ішінде салафиттер лидері Абдул Раб Расул Сайяф пен Нангархар провинциясының бұрынғы губернаторы Гүл Аға Шерзай да бар.
Ауғанстанның сайлау комиссиясы кандидаттарды тексеріп шыққан соң, 16 қараша күні президент сайлауына түсетін тұлғалардың соңғы тізімін жариялайды.