Accessibility links

Түркия мемлекеттік мекемелерінде хиджабқа рұқсат етілді


Режеп Тайып Ердоған, Түркия премьер-министрі.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия премьер-министрі.
Түркия мемлекеттік мекемелерде әйелдерге хиджаб тағуға салынған тыйымды жойды. Парламент алдында сөйлеген премьер-министр Режеп Тайып Ердоған "Біз республика рухына қайшы келетін архаикалық ережелерді жойдық" деп мәлімдеді.
Түркияда 1925 жылы мемлекеттік мекемелерде хиджаб тағуға тыйым салынған еді. Жаңа ереже бойынша мемлекеттік аппараттарда қызмет істейтін әйелдерге жұмыс кезінде орамал не хиджаб тағуға болады. Тек сот орындары мен қарулы күштер саласында істейтін әйелдерге хиджаб тағуға бұрынғыдай тыйым салынады.

Түркияда бұған қоса 8 қазаннан бастап мемлекеттік мектептерде оқитын оқушыларға әр аптаның басында мемлекетке адалдығы туралы ант тапсыру талабы да жойылды.

Қарсыластары Ердоғанды "Түркиядағы зайырлы мемлекет ұстанымдарын жойып жатыр" деп айыптайды. Ол басқаратын үкімет бұған дейін жоғары оқу орындарында хиджабқа салынған тыйымды да алып тастаған еді.
XS
SM
MD
LG