Мәскеу соты Михаил Косенконы 2012 жылы мамырда Мәскеудің Болотная алаңында болған үкіметке қарсы тәртіпсіздіктерге қатысты және полицияға шабуылдады деп айыптап, оны психиатрлық клиникада емдеуге үкім шығарды.
Михаил Косенко әскер қатарында жүргенде басынан зақымданған. Судья оны денсаулық жағдайына байланысты түрмеге жабылмайды деп шешті. Бірақ Михаил Косенко айыбын жоққа шығарады.
Өткен аптада Amnesty International ұйымы Михаил Косенконы және Болотная алаңындағы наразылық шеруіне қатысқан тағы екі адамды "ар-ұждан тұтқыны" деп жариялаған.
Михаил Косенко сотта "Болотная алаңында қақтығыстарды әуелі полиция бастады" деді.
Тәртіпсіздіктерге қатысты айыпталған өзге 12 адамның соты әлі аяқталмады. Одан бөлек он шақты адам тергеліп жатыр.
Болотная алаңындағы наразылық пен тәртіпсіздік 2012 жылы 6 мамырда, президент болып сайланған Владимир Путиннің инаугурациясынан бір күн бұрын болған. Наразылықтан соң бірнеше адам ұсталып, оларға "тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып тағылған.
Болотная алаңындағы наразылық - 2011 жылы Ресейдегі парламент сайлауынан соң басталған ең ірі қарсылық шерулерінің бірі.