Accessibility links

АСЕАН саммиті басталды


АСЕАН-ға мүше елдер басшылары саммитте. Камбоджа, сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
АСЕАН-ға мүше елдер басшылары саммитте. Камбоджа, сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Брунейде Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (АСЕАН) саммиті басталды. Екі күнге созылатын саммитке АСЕАН-ға мүше он мемлекет басшыларынан өзге Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан және АҚШ өкілдері де қатысып жатыр.

Жиынға АҚШ делегациясын мемлекеттік хатшы Джон Керри бастап барды. АҚШ президенті Барак Обама бұған дейін АҚШ-тағы бюджет дағдарысына байланысты Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапары мен саммитке қатысудан бас тартқан еді.

АСЕАН-ға Бруней, Индонезия, Малайзия, Филиппин, Сингапур, Таиланд, Въетнам, Камбоджа, Лаос және Мьянма мүше.

Саммитте мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық мәселелерді талқыламақ.
XS
SM
MD
LG