Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумағындағы Қашаған кенішінен коммерциялық мақсатта қажетті мұнай көлемін өндіре бастады деп хабарлады мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Астанада өтіп жатқан Kazenergy Еуразиялық форумында.
Қашағаннан алғашқы мұнай биыл 11 қыркүйекте өндіріле бастаған еді. Ал коммерциялық мақсатта қажетті мұнай көлемі қазан айының басынан өндіріле бастайды деп жоспарланған. Бірақ 24 қыркүйекте теңіздегі жасанды "Д" аралынан зауытқа баратын газдың сыртқа шығып жатқаны анықталып, ондағы барлық скважиналардан мұнай өндіру уақытша тоқтатылған. Апаттан соң мұнай тек 7 қазанда ғана қайта өндіріле бастады.
Қашаған кен орнын барлаған мұнай компаниялары мұндағы мұнай қоры 35 миллиард баррельге жуық деп бағалаған. Олар кенішті іске қосу жұмыстарына 13 жылда 48 миллиард доллар жұмсаған.
Қашаған жобасында қазақстандық "Қазмұнайгаз", италиялық Agip, америкалық ExxonMobil, ағылшын-голландиялық Shell, франциялық Total (әрқайсысының үлесі - 16,81 пайыз), жапониялық U.S. Inpex North Caspian Sea (7,56 пайыз) компанияларының да үлесі бар. Қашағандағы ConocoPhillips-тің 8,4 пайыз акциясын жуықта Қытайдың China National Petroleum Corporations (CNPC) компаниясы алған.