Accessibility links

Ұсталған Ливия премьер-министрі босатылды


Әли Зейдан, Ливия премьер-министрі.
Әли Зейдан, Ливия премьер-министрі.
Ливияның мемлекеттік ақпарат агенттігі бүгін қарулы топ ұстап әкеткен Ливия премьер-министрі Әли Зейданның босатылғанын хабарлады. Бірақ агенттік премьердің қалай босатылғаны туралы мәлімет бермеді.

Бүгін таңертең Ливияның бұрынғы көтерілісшілерінен құралған милиция жасағы Әли Зейданды "үкіметтің АҚШ қауіпсіздік күштерінің 5 қазанда Триполиде "Әл-Қаиданың" күдікті жетекшісін тұтқындауға қатысы болғаны үшін ұстағанын" хабарлаған еді. Жасақ Зейдан "прокуратураның ордері бойынша тұтқындалды" деген. Бірақ үкімет премьер-министрді тұтқындауға ешқандай ордер берілмегенін мәлімдеді.

Үкімет премьердің ұрлануын "қылмыс" деп атап, бопсалаушылыққа көнбейтінін ескертті.

Ливия үкіметі 2011 жылы президент Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін басталған қарулы топтар арасындағы қақтығыстарғмен күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG