Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Оңтүстік Африка республикасына (ОАР) барғанда қарулы топ тонаған қазақстандық дипломаттардың елге оралғанын хабарлады.
«Қазақстан өкілдерінен ешкім зардап шеккен жоқ. Делегация басшысы Қайрат Сарыбай басқа көлікте болғандықтан бұл оқиғаға ілікпеген. ОАР құқық орындары жедел қимылдап, тиісті тергеу жүргізіп жатыр. Бүгін Қазақстан делегациясы толық құрамда елге оралды» деп хабарлаған СІМ сенбі күні.
Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары сәрсенбі күні кешке Йоханнесбург халықаралық әуежайынан Преториге бара жатқан бірнеше қазақ дипломаты мінген көлікті қарулы адамдар мәжбүрлеп тоқтатып, бағалы заттарын тартып әкеткені туралы хабарлаған болатын. Ол ақпаратта сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған делегация ОАР-ға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл желтоқсан айына жоспарланған сапарына дайындық шаруасымен барғаны айтылған еді.