Accessibility links

Сирияда БҰҰ мамандары қонақүйі жанында жарылыс болды


БҰҰ химиялық қару мамандарының көлігі. Дамаск, 8 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
БҰҰ химиялық қару мамандарының көлігі. Дамаск, 8 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Дамаск қаласында БҰҰ-ның химиялық қару жөніндегі мамандары жатқан қонаүй маңында жарылыс болды. Ол жерге екі зеңбірек оғы түскен.

Төтенше жағдай сенбі күні болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. БҰҰ мен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым өкілдері Сирияға екі апта бұрын келген еді. Олар Сириядағы жаппай қырып-жоятын химиялық қару қорын жоюмен айналысып жатыр.

Сирия мемлекеттік SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дамаск қаласының тағы бір ауданында екі жарылыс болып, 10 адам зардап шеккен. Жарылыстан сегіз жасар қыз бала опат болған. Зебірек оғының біреуі мектептің жанына түскен.
XS
SM
MD
LG