Accessibility links

15 қазанда әлем мұсылмандары үшін үш күнге созылатын Құрбан айт мерекесі басталды. Бүгін таңертең Қазақстандағы қалалар мен ауылды жерлердегі мешіттерде де құрбан айт намазы оқылды.

Құрбан айт мейрамы жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Шариғат бойынша Құрбан айтта мұсылмандар құрбан шалады.

Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралайды, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

Қазақстанда Құрбан айттың алғашқы күні - ресми демалыс күні болып жарияланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG