Accessibility links

Мәскеудегі наразылықта жүздеген адам тұтқындалды


Орхан Зейналов, Бирюлево ауданында қаза тапқан Егор Щербаковтың өліміне күдікті. Мәскеу, 15 қазан 2013 жыл.
Орхан Зейналов, Бирюлево ауданында қаза тапқан Егор Щербаковтың өліміне күдікті. Мәскеу, 15 қазан 2013 жыл.
Мәскеуде полиция 15 қазан күні кешке қарай Бирюлево ауданында Егор Щербаков есімді тұрғынның кісі қолынан қаза тапқанына наразылық танытуға жиналған жүздеген жасты тұтқындады. Полицейлер тұтқындауды орыс жігітінің өліміне қатысы бар деген күдікпен бір мигрантты ұстағаннан кейін басталды.

Ұсталған күдікті - әзербайжандық Орхан Зейналов. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Зейналов Мәскеу маңындағы Коломна қаласында өзін тұтқындау кезінде полицияға қарсылық көрсеткен.

Зейналов 10 қазан күні түнде Мәскеудің оңтүстігіндегі Бирюлево ауданында Щербаковты үйіне қайтып келе жатқанда өлтірді деп айыпталып отыр.

Щербаковтың өлімі 13 қазанда Бирюлевода жаппай наразылық тудырып, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан. Оған қатысқандар дүкендердің терезелерін сындырып, мигранттар жұмыс істейтін көкөніс базарын қиратпақ болған.
XS
SM
MD
LG