15 қазанда парламент мәжілісінің бұрынғы төрағасы, саясаткер Орал Мұхамеджанов қайтыс болды. Бұл туралы 16 қазанда парламент мәжілісі отырысында төменгі палата төрағасының орынбасары Сергей Дяченко хабарлады. Ол Орал Мұхамеджановты "Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі" деп атады.
Депутаттар жұмыстарын бастамас бұрын оны бір минут үнсіздікпен еске алды. Экс-спикердің қазасына орай мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытайға ресми сапарын тоқтатқан.
Орал Мұхамеджанов парламенттің үшінші және төртінші шақырылымында, 2004-2012 жылдары мәжіліс төрағасы болған. Оған дейін үкіметте, президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. Соңғы қызметі - мәжіліс депутаты.
Мұхамеджанов төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісі төрағасы болып тұрған тұста, 2011 жылы парламент Конституцияға өзгеріс енгізіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "елбасы" мәртебесін берді және президент мерзімін сайлаусыз ұзартуға мүмкіндіктер қарастырды.