Accessibility links

АҚШ пен ЕО Иранмен келіссөзге оң баға берді


ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф. Женева, 15 қазан 2013 жыл.
ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф. Женева, 15 қазан 2013 жыл.
Женевада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келіссөздің бір кезеңі аяқталды. АҚШ пен Еуропа Одағы (ЕО) Иран мен алты ел арасындағы келіссөзге оң баға берді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни Иран делегациясының келіссөзге парасатты, байсалды қатысқанын "өте пайдалы" деп атап, Тегеранның ұсыныстарын "маңызды және мазмұнды" деп бағалады.

Бірақ Джей Карни тараптар әзірге нақты бір келісімдерге келе қоймағанын және Вашингтон бұрынғыдай Тегеранды ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатқа арналғанын дәлелдеуге шақыратынын айтты.

Келіссөзді жүргізген ЕО-ның сыртқы саясат бойынша комиссары Кэтрин Эштон кездесуді "мазмұнды және өте маңызды өтті" деп бағалады.

Иран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия арасындағы келесі келіссөз Женевада 7-8 қарашада өтеді.
XS
SM
MD
LG