Accessibility links

Теміртаудағы наразылықта еңбек мүгедегі ұсталды


«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. Көрнекі сурет.
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. Көрнекі сурет.
Бүгін Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының ғимаратына жанғыш сұйықтығы бар шөлмек лақтырған еңбек мүгедегі ұсталды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Компания кәсіпорындарында еңбек етіп жүріп денсаулықтарынан айырылып, мүгедек атанған азаматтар бүгін өтемақы төлеуді талап еткен. Наразылық танытушылардың бірі компания департаментінің ғимаратына жанғыш сұйықтығы бар шөлмек лақтырып, екі адам зардап шеккен.

Наразылық танытушы еңбек мүгедегінің заңды өкілі Наталья Томилованың айтуынша, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Томилова наразылық танытушы "өз-өзін өртемек болғанын" айтып, "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы басшылығының үстінен құқық қорғау орындарына адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп шағымданатынын жеткізді.
XS
SM
MD
LG