Сенбі күні Сирия астанасы Дамаск маңында қатты жарылыс болған. Алдын ала ақпараттар бойынша, жарылыс салдарынан кемінде 16 әскери қызметкер мерт болған.
Сирия мемлекеттік ақпарат құралдары Джараман ауданында «террористер жарылыс жасағаны» туралы хабарлады. Негізінен христиандар тұратын бұл аудан Сирия президенті Башар Асадты жақтайтын күштердің қолында.
Үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқан сириялық көтерілісшілер бұған дейін осы Джараман ауданын зеңбірек және минометтен атқылаған еді.