Accessibility links

Черногорияда гей-шеру алдында күзет күшейтілді


Подгорица көшелеріндегі гей-шеруге шақырған үндеулер. 19 қазан 2013 жыл.
Подгорица көшелеріндегі гей-шеруге шақырған үндеулер. 19 қазан 2013 жыл.
Черногория астанасында 20 қазанда гей-шеру өтуі тиіс. Осыған байланысты қаладағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Подгорица көшелеріндегі тәртіпті екі мыңға жуық полицей күзетпек.

Акция қарсаңында жыныстық азшылық өкілдеріне қоқан-лоқылар, оларды сөккен мәлімдемелер жасалды. Олардың ішінде серб православ шіркеуінің митрополиті де бар.

Черногория премьер-министрі Мило Джуканович басқарған үкімет елді Еуропа Одағына мүшелікке өткізуге тырысып келеді. Үкімет жыныстық азшылық акциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

2013 жылы маусым айында Черногорияның Будва қаласында полиция мен гей-шеруге қарсылар арасында қақтығыс болды. Ол кезде гей-шеруге шабуыл жасалған еді.

Балкан елдеріндегі жыныстық азшылық өкілдеріне деген қысымның бір мысалы биыл қыркүйек айында болған еді. Сербия астанасы Белград қаласы әкімдігі гейлерге шеру өткізуге рұқсат бермеді. Сербия билігі осымен үшінші жыл жыныстық азшылық өкілдерінің акцияларына тыйым салып келеді. Билік өкілдері бұл әрекеттерін гейлердің қауіпсіздігіне алаңдау тұрғысында түсіндіріп келеді. 2010 жылы гей-шеруге шабуыл жасалған еді.
XS
SM
MD
LG