Accessibility links

Байқоңырдан "Протон" ұшыру шегерілді


Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышы. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.
Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышы. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.
20 қазан күні Interfax агенттігі Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру шегерілгенін хабарлады. Агенттік ақпаратына қарағанда, зымыран тасығыш америкалық "Сириус-ФМ-6" аппаратын ғарышқа жеткізуге тиіс болған. Бірақ АҚШ ғарыш мамандарының өтініші бойынша бұл шара кейінге қалдырылған.

"Роскосмос" баспасөз хатшысы Сергей Горбунов "Ұшыруды АҚШ тарапының өтініші бойынша шегердік" деген. Оның айтуынша, "АҚШ ғарыш бекетінде ғарыштан келетін сигналдарды қабылдау құрылғысынан ақау табылған".

"КазТАГ" агенттігінің хабарлауынша, "зымыран ұшыру уақыты 22 қазанға шегерілген". Зымыран тасығыш 21 қазан күні ұшырылуы тиіс болған еді.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді. Бұл апаттан кейінгі алғашқы «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ғарышқа 30 қыркүйекте ұшты.
XS
SM
MD
LG