Accessibility links

Сирияның Хама қаласында 30 адам қаза тапты


Хама маңындағы соғыс қимылдары. 17 қазан 2013 жыл.
Хама маңындағы соғыс қимылдары. 17 қазан 2013 жыл.
Сирияның Хама қаласында 20 қазан күні жарылғыш зат толтырылған жүк көлігі жарылып, кем дегенде 30 адам опат болды. Ондаған адам жараланған.

Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығының мәліметі бойынша, жарылысты жанкешті қаладағы тексеру-өткізу бекетінде жасаған. Қаза тапқандар арасында Сирия әскери қызметкерлері бар.

Құқық қорғаушылар "қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін екенін" айтады. Өйткені кейбір жаралылар әл үстінде жатыр.

Сирия мемлекеттік телеарнасы бұдан бұрын "Хамадағы жарылыстан адамдардың қаза тапқаны және жараланғаны" жайында хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG