Египет полициясы 20 қазанда әскери билікке қарсы наразылық шеруіне шыққан студенттерді көзден жас ағызатын газбен атып, күштеп таратты. Шеруге шыққандар - осы елдегі жетекші ислам жоғары оқу орны әл-Азхар университетінің 3 мыңға тарта студенті - университетке кіретін жолды бөгеп, полицияға тас лақтырды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
3 шілдеде президенттіктен кетірілген исламшыл Мұхаммед Мурсидің жақтастары Египеттегі әскери билікке үнемі наразылық танытып келеді. Әскерилер билікті басып алғалы бері елде наразылықтар мен қақтығыстардан мыңнан аса адам қаза тауып, "Мұсылман бауырлар" қозғалысының 2 мыңнан астам мүшесі ұсталды.
Қазір қайда отырғаны белгісіз Мурси қарашада сотқа тартылуы тиіс. Оған өткен жылдың желтоқсан айында жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс ұйымдастырды деген айып тағылған.