Accessibility links

Иосип Броз Титоның жесірі қайтыс болды


Иосип Броз Титоның жесірі Йованка Броз. Белград, 4 мамыр 2001 жыл.
Иосип Броз Титоның жесірі Йованка Броз. Белград, 4 мамыр 2001 жыл.
Белградтағы ауруханалардың бірінде Югославияның бұрынғы диктаторы Иосип Броз Титоның жесірі Йованка Броз жүрегі тоқтап, 88 жасында қайтыс болды.

Сербия премьер-министрі Ивица Дачич Йованка Брозды "Сербия тарихының сенімді соңғы куәгері еді" деп атап, еске алды.

Иосип Броз Тито мен Йованка Броз 1952 жылы қосылған. Йованка Броз 1980 жылы күйеуі қайтыс болған соң жалғыз өмір кешті. Титодан кейін билікке келгендер "төңкеріс жасауды жоспарлады" деген күдікпен Титоның әйелін іс жүзінде үйқамақта ұстады.

2006 жылы тұрмысы ауыр Йованка Брозға Сербия үкіметі көмек ұсынды, 2009 жылы Сербия азаматтығын беріп, зейнетақы тағайындады.
XS
SM
MD
LG