Accessibility links

Қытайда ауа ластануынан қозғалыс шектелді


Харбин қаласында қою түтіннен маска тағып жүрген әйел. Қытай, 21 қазан 2013 жыл.
Харбин қаласында қою түтіннен маска тағып жүрген әйел. Қытай, 21 қазан 2013 жыл.
Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясының орталығы Харбин қаласын қою түтін жауып, соның салдарынан көлік жолдары жабылды. Әуежайда әуе рейстері кейінге шегерілді.

Харбиндегі ауаның ластану деңгейі халықаралық рұқсат етілген нормадан 40 есе артып кеткен. 50 метрден әрідегі жол көрінбейді. Жергілікті биліктің шешімімен барлық мектептер уақытша жабылып, сабақтар тоқтатылған.

Қаладағы экологиялық проблема 20 қазанда, жылыту жүйесін іске қосу барысында басталған. Қою түтін қалада алдағы күндері ғана сейілуі мүмкін деген болжамдар айтылды.

АҚШ-тың Health Effects Institute ұйымының дерегі бойынша, түрлі елдердегі өнеркәсіп орталықтарының ауаның ластауы жыл сайын жүздеген мың адамның мезгілсіз дүние салуына себеп болады. 2010 жылы әлемде ауа ластануынан туындаған аурулардан 1 миллион 200 мың адам қайтыс болған.
XS
SM
MD
LG