Accessibility links

Apple жаңа iPad-ын таныстырды


Apple өкілі Тим Кук iPad Air планшетін көрсетіп тұр. Сан-Франциско, 22 қазан 2013 жыл.
Apple өкілі Тим Кук iPad Air планшетін көрсетіп тұр. Сан-Франциско, 22 қазан 2013 жыл.
Apple компьютер компаниясы 22 қазанда АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында танымал iPad планшетінің жаңа нұсқасын таныстырды.

iPad Air деп аталатын гаджеттің қалыңдығы бұған дейінгі нұсқаларынан 20 пайызға жұқа (7,5 миллиметр), салмағы 450 грамм ғана. Компанияның мәліметінше, бұл нарықтағы ең жеңіл планшет саналады.

Жаңа iPad Air АҚШ-та саудаға 1 қарашадан бастап шығарыла бастайды. Планшеттің ең арзан түрі 499 АҚШ доллары болмақ.

2010 жылы алғашқы iPad шыққан соң планшет жасау саласында бәсекелестік күшейді.
XS
SM
MD
LG