Accessibility links

Ауғанстанда 16 кандидат сайлаудан шеттетілді


Ауғанстан президенті Хамид Карзай.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай.
Ауғанстан сайлау комиссиясы президент сайлауына түсетін 26 кандидаттың 16-сының "құжаттары дұрыс болмағандықтан және басқа да сайлау ережелеріне сай келмегендіктен сайлауға жіберілмейтінін" хабарлады.

Сайлаудан шеттетілгендер арасында бұрынғы сауда және қаржы министрі Анварул Нак Азадиден өзгелері аса танымал емес.

Президенттіктен үміткер болып тіркелгендер арасында бұрынғы сыртқы істер министрлері Абдулла Абдулла мен Залмай Расул, бұрынғы қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардак, қазіргі президент Хамид Карзайдың ағасы Каюм Карзай, салафилер жетекшісі Абдул Раб Расул Сайяф, бұрынғы губернатор Гүл Ауған, исламшыл Китбуддин Хиләл және бұрынғы ауған корольдік отбасының мүшесі Сардар Надир Наим бар.

Ауғанстанда президент сайлауы 2014 жылдың 5 сәуірінде өтеді.
XS
SM
MD
LG